
Өрт сөндіру қызметіндегі әулеттер - кең таралған іс. Көбінесе әкесі жұмыс істеген өрт сөндіру бөліміне ұлы келіп, кәсіптің романтикасын сезініп, ерте жастан өз таңдауын жасайды. Камиевтер отбасында сондай жағдай орын алды.
Камиевтер отбасының негізін қалаушы 1934 жылы туған Камиев Рапиғолла болды. Ол 1972-1985 жылдар аралығында 13 жыл өрт сөндіру қызметіне арнады. Камиев Рапиғолланың өз кәсібіне деген сүйіспеншілігінің арқасында оның отбасы мүшелері оның ізімен жүрді.
Өрт сөндірушілер әулетінің ең адал жалғастырушыларының бірі 1962 жылы туған ұлы - Камиев Талғат Рапиғоллаұлы болды. 1983 жылы Талғат Рапиголлаұлы КСРО ІІМ жанындағы Алматы өрт-техникалық училищесіне оқуға түсіп, 1986 жылы "өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығы бойынша аяқтады. Оқуды бітіргеннен кейін Гурьев қ. күзету жөніндегі ІІБ №58 әскерлендірілген өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы лауазымына тағайындалады, одан кейін Денгиз аудандық атқару комитетінің ІІБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімшесінің испекторы болып, одан әрі туған Құрманғазы ауданына өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалады. 2000 жылы ішкі қызмет майоры атағымен құрметті демалысқа шығады. Сондай-ақ әкесінің ізімен сержант Камиева Салтанат Рапиғоллаевна 1993 жылдан 2017 жылға дейін Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы қызметін атқарды. Әулеттің немересі және жалғастырушысы азаматтық қорғау майоры Қуанбек Талғатұлы Рапиғоллаев 2009 жылы Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығы бойынша бітіріп, №2 МӨСБ қарауыл бастығы лауазымына, содан кейін бірнеше жылдан кейін №2 ӨСБ,№1 ӨСБ, №1 МӨСБ, №10 ӨСБ қарауыл бастығы болып тағайындалып, содан кейін өрт сөндіру кезекші қызметі бастығының орынбасары болады. Қазіргі уақытта №6 ӨСБ бастығының қызметін атқарады.
Қазір олар жұбайы Лаура екеуі Санжар мен Әліхан атты екі ұл тәрбиелеп отыр. Қуанбектің өзі болашақта оның ұлдары дұрыс таңдау жасап, аталары мен әкелері ретінде адал өрт сөндірушілер әулетін жалғастырады деп сенеді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы