Ақтөбе қаласында ТЖМ кинологиялық есептоптарының республикалық оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Ақтөбе қаласында ТЖМ кинологиялық есептоптарының республикалық оқу-жаттығу жиыны аяқталды

2021 жылғы 14 қазанда Ақтөбе қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрлігінің кинологиялық есептоптарының республикалық оқу-жаттығу жиыны аяқталды, оған еліміздің барлық өңірлерінен 49 кинологиялық есептоп қатысты.

Жиындарға қатысушылар 4 күн бойы нақты төтенше жағдайларға барынша жақындатылған жағдайларда жұмыс істеді және ТЖ-ға жедел ден қоюға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Жаттығу аясында құтқарушылар иттерді дайындау мен оқытудың заманауи әдістерін зерттеп, ТЖ салдарын жою кезінде іздестіру-құтқару жасақтарын қолдануда тәжірибе алмасты.

Кинологиялық есептердің жаттығу жиындарын өткізу құтқарушы-кинолог
пен іздестіру-құтқару итінен тұратын есептерді дайындауға бірыңғай
оқу-әдістемелік тәсілді, олардың бірыңғай нормативтерді орындауын, кинологтарды практикалық оқыту және иттерді үйрету жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының ТЖМ-де лабрадорлар, қойшы иттер, ретриерлер мен спаниельдер "қызмет етеді". Бұл иттер, ауа-райының өте қиын жағдайларында жұмыс істей алады, сонымен қатар, бұл тұқымдар барлық адамдарға, әсіресе қиыншылыққа тап болған адамға көмектесуге ниет білдіреді.

 

 

                                  ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті