
13 қазанда кешке сағат 20:27-де Пичугин көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш беруші өртеніп жатқан пәтерде балалар болуы мүмкіндігің айтты. Шақыру орнына жедел келген өрт сөндірушілер дереу адамдарды құтқаруға кірісті. Барлау жүргізген кезде 3- қабаттағы пәтердің ас үйінде жалпы көлемі 6 шаршы метр өрт анықталды. Қатты түтін салдарынан кіреберістегі пәтерлерден бірнеше тұрғыны өздігінен шыға алмаған. Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолдана отырып, кіреберістен 10 адамды, оның ішінде жанып жатқан пәтерден жоғары орналасқан пәтерден 2 баланы алып шықты. Тепловизордың көмегімен барлық іргелес және жақын орналасқан пәтерлер тексерілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 21:05-те жойылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.
Өткен тәулікте Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменттің бөлімшелері оқиға орнына 20 рет шықты, оның ішінде өрт және жануларды сөндіруге 12 рет, авариялық-құтқару және іздеу жұмыстарына 8 рет. 17 адам құтқарылып, 2 адам эвакуацияланды.
5 өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды, бір өрттің себебі пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болды.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау туралы еске саламыз:
- электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау;
- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде ұстау;
- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
-қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбау;
- тек жарамды пештерді пайдалану, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазарту;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
- пешті қатты қыздырмаңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі