Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына барып, дәріс оқыды. Академияда құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары өтуде.
Министр «Табиғи-техногендік апаттардың заманауи қауіп-қатерлері, олардың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісті прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдарының қызметкерлері тыңдады.
Министр өз сөзінде табиғи және техногендік апаттардың қауіп-қатерлерін сипаттап, төтенше жағдайға тап болған азаматтардың іс-әрекеттері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ Қазақстан аумағында тіркелген табиғи және техногендік апаттардың статистикасын келтірді. Дәріс барысында тыңдаушыларға Төтенше жағдайлар министрлігінің профилактикалық бейнероликтері көрсетілді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі