Өрт сөндіруші Еңсебаевтар әулеті

Өрт сөндіруші Еңсебаевтар әулеті

Кәсіби отбасылық әулет, әсіресе өрт сөндірушілер арасында жиі кездесетін құбылыс. Өрт сөндіру қызметіндегі әулеттер біздің кең байтақ еліміздің әр өңірінде кездеседі. Өрт сөндірушілер – еңбекқор және жауапкершілігі мол адамдар, ал өрт сөндіруші отбасылар қатарында болу – үлкен мәртебе.

Мұндай отбасының жарқын мысалдарының бірі – Есілдегі Еңсебаевтар әулеті. Екі нағыз өрт сөндіруші-құтқарушылар: әкесі Марат Елемесұлы мен ұлы Жасұлан.

Еңсебаев Марат өз өмірін өрт сөндіру қызметіндегі жұмысымен байланыстырса, ұлы да әке жолын таңдап, нәтижесінде мықты кәсіби әулет құрылды. Марат Елемесұлының еңбек жолын 1997 жылы өрт сөндіруші қызметінен бастаған. Қарапайым өрт сөндірушіден Есіл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтіп, өз жұмысында үлкен жетістікке жетті. 2012 жылғы «Үздік төтенше жағдайлар департаменті» номинациясы бойынша Республикалық байқаудағы 1 орын алғаны осыған дәлел бола алады.

Ұлы Жасұлан әулет ісінен шет қалмай, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет аяқталған соң «Өрт сөндірушілер» қатарына қабылданды. «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар бола тұра, алдағы уақытта төтенше жағдайларда қорғау саласында кәсіби деңгейін арттыруды жоспарлайды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі