
11 қазан күні Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Қостанай қаласындағы құтқару бөлімшесінің базасында жалпы білім беретін Садчиков орта мектебінің «Жас құтқарушы» үйірмесінің курсанттары үшін ашық есік күні өткізілді.
Балалардың құтқарушы мамандығына деген көзқарасы, қызмет жайлы түсініктері және адам өмірін құтқарудың артында не жатыр. Осы барлық сұрақтарға бас құтқарушы Лавриченко Алексей мен бірінші санаттағы сүңгуір Батт Вадим жауап берді. Ашық есік өткізудің мақсаты балалардың қауіпсіздік мәселелеріндегі білім деңгейін арттыру, төтенше жағдайда әрекет ету кезіндегі алғашқы дағдыларға үйрету болып табылады. Құтқарушылар 15 қазанға дейін кез келген жас жедел-құтқару жасағының бөлімшесінде дайындықтан өту үшін жазыла алатынын, одан кейін жасөспірім турбазада, пионер лагерлерінде немесе демалыс аймақтарында құтқарушы болып жұмыс істей алатынын атап өтті.
Қызығушылық танытқан оқушыларға арналған көрме үстелінде сүңгуірлердің ұзақ уақыт суға түсуге қажетті жабдықтары қойылды: 18 ғасырдағы костюм, су астында жүруге арналған үлкен темір аяқ киім, жаңа гидрокостюмдер, маскалар мен дулыға. Балалар сұрақтар қойғанымен бірге, сүңгуірлердің амуницияларын да киіп көрді. Ауа-райы суық болғанымен сүңгуірлер балалар мен арнайы репортаж жасауға келген журналистер үшін күздің жылы атмосферасын сыйлай білді.
Теориялық бөліммен танысқаннан кейін сүңгуірлер мектеп оқушылары үшін жарыстар ұйымдастырды. Балалар екі командаға бөлініп, қайықта өз бетінше қоршауларды уақытқа айналып өтті, сондай-ақ суға батып бара жатқан адамға құтқару баллонын лақтыруды үйренді.
Балалар осындай қызықты жұмысқа тамсанып қарағанымен, ең маңыздысы олар бұл мамандықтың біз байқамайтын ауыр тұстарының көп екендігіне көз жеткізді.
«Қостанай облысы ТЖД ӨСжәне
АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі