
2021 жылғы 12 қазан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ, аумақта ашық отпен жанып жатырған жерлер анықталған жоқ.
Өткен тәулікте ауданы 30 га болатын жердегі қамыстың жануы сөндірілді: жұмылдырылған жеке құрам күшімен 20 га, өздігінен 10 га жойылды. Өрттің жалпы ауданы 550 га жерді құрады. Қазіргі уақыта 450 га өрт сөндірілді
Өртті жоюға Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 34 адамы, 5 бірлік техникасы, 4 мотопомпа, 1 генератор, 40 жеңдер, 1 үрлемелі шатыры, сондай-ақ Атырау аграрлық-техникалық колледжінің 1 адамы және 1 бірлік техникасы John Deere-6135b тракторы жұмылдырылды.
Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 5 қазанда Каспий теңізінің жағалауындағы батпақты жерде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан 60 шақырым жерде қамыс жануы орын алуда.
Қоғаммен байланыс тобы
Атырау облысы ТЖД