2021 жылғы 11 қазанда Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері
мен әскери бөлімдерінің кинологиялық есептоптарының оқу-жаттығу жиыны басталды.
Оқу-жаттығу жиыны ТЖМ құтқару бөлімшелерінің кинологиялық есептоптарының дайындық деңгейін анықтау, сондай-ақ кәсіби дағдыларды жетілдіру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу жиынына ТЖМ-нің 49 кинологиялық есебі қатысады, олар ағымдағы жылғы 11-14 қазан аралығында қызметтік иттердің мойынсұнуы мен ептілігі курсы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздеу бойынша практикалық сабақтардан өтеді.
Ақтөбе облысы ТЖД салтанатты ашылуы аясында Ақтөбе қаласының жас құтқарушылары үшін оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесінен альпинистік құрал-жабдықтармен кинологиялық есепті түсіру, жеке тұрғын үйдегі шартты өртті сөндіру және психологиялық кедергі жолағынан өту бойынша қызметкерлердің көрсетілімі ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті