
Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбеккері және өртке қарсы қызмет ардагері Василий Андреевич Хижняк 90 жасқа толды.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері мерейтой иесіне барып, құттықтады.
Василий Андреевич Хижняк 1931 жылдың 7 қазанында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысын жас бала кезінде қарсы алған. Сол кезде ауылда ересек ер адамдардын бәрін Отанды қорғауға соғысқа алып кеткен. Соғыстың бірінші күндерінен бастап колхозда жұмыс істеген. 10 жасар балаға екі өгіз айдау сеніп тапсырылды, сол өгіздермен өзі шамалас балалармен бірге жер жыртты, егін септі, тыңайту жұмыстарын жүргізді және сол үшін 1 жұмыс күндік ақы ретінде – 200 граммға жуық бидай дәнін алған екен, әрине, ол жайлы қазір ойлау да қорқынышты. Ал 1943 жылдан бастап оған аса сенімге іліккені үшін комбайндер астынан астық тасуды сеніп тапсырған екен. Жұмыс таңнан басталып, түннің жарымына дейін жалғасқан, үйге бармай, далада шөпте ұйықтаған. Аяқ киім болмағандықтан, өгіздің терісінен ыстықта қызып аяқты ауыртатын шәркейлер тігіп киген. Жұмыстың ауырлығы сонша - кейбір балалар ұйқысы келіп, есінен танған кездер орын алған екен. Жеңіс күнін сол жұмыста қарсы алған және «Еңбегі үшін» медалімен марапатталады.
Соғыстан кейін де көп жылдар дем алмастан құрылыста, ауыл шаруашылығында механизатор және тағы басқа қарапайым жұмыскер болып еңбек еткен. Өрт сөндіру қызметіне 1978 жылы келді және құрметті демалысына шыққанша 12 жылдан артық қызмет атқарды. «Үздік өрт сөндіруші» төсбелгісімен марапатталды.
Қазір жасы 90 келсе де, дамыл таппайды, бақшасында жұмыс істеп, тұрмыстық жұмыстарын өзі атқарады, күніне 2-3 шақырым жүріп, жазғытұрымда балық аулау үшін 12 шақырым жерге велосипедпен барып келе алады.
Өрт сөндіру бөлімін ешқашан ұмытқан емес, жас мамандарға кеңес айтып, көмек көрсетуде. Жастарды ерінбей, талмай мемлекет дамуы үшін жұмыс істеуге, шыдамдылық пен төзімді қатар алып жүруге шақырды. Сонымен қатар, өз Отанына, отбасы мен салт-дәстүрлеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігін ескертеді.
Қарағанды облысының ТЖД