
8 қазан күні таңертең құтқарушыларға балықшыны табуға көмек сұраған хабарлама келіп түсті
Балқаш көліне балық аулауға күн сайын шығатын Приозерск қаласының балықшылар тобы 7 қазан күні кешке бір әріптестерінің қайтып келмегенін хабарлады. Күндіз барлық балықшылар сияқты ер адам эллингтен өз қайығымен шығып, белгіленген уақытта оралмады. Балықшының ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде болды. Балықшылар іздеуге шығады, бірақ кеш карая бастағандықтан іздеу тоқтатылады. Ер адамдардар тәжірибелі балықшыға ештеңе болмайтынын және ол кешігіп қалуы мүмкін деп шешеді. Бірақ ер адам таң атқанша қайтып оралмайды. Содан кейін алаңдаған балықшылар құтқарушыларға жүгінді.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылар тобы балықшылармен бірге балықшыны іздеуге шығады. Сағат 10:28-де жоғалған ер адам қайықта табылады. Балықшының қайығының моторы істен шыққан, сондықтан ер адам жағаға орала алмады. Ұялы желі ұстамағандықтан байланысқа шыға алмаған. Балықшыны ағын қайықпен Приозерск қаласынан шамамен 12 км қашықтыққа дейін алып кеткен. Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар қайықты жағаға шығарды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Су айдынына шығар алдында жүзу құралының (қайықтың) жағдайын мұқият тексеруді ұсынамыз. Балық аулауға шықпас бұрын, сіз өзіңіздің отбасыңыз бен достарыңызға балық аулау орны туралы міндетті түрде хабарлауыңыз керек, сонымен қатар балық аулаудан қайту уақытын нақтылауыңыз керек. Қайықта әр адамға арналған құтқару шеңбері, белбеуі немесе кеудешесі болуы міндетті. Дауылды ауа райы кезінде суға шығуға тыйым салынады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі