Қызылорда облысында жылу беру маусымындағы «Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары» туралы брифинг өтті

Қызылорда облысында жылу  беру маусымындағы «Жылу  беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары» туралы брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаровтың қатысуымен «2021 – жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында Бауыржан Шірімбекұлы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығын, қоғам мүлкі мен  қоршаған ортаны өрттен қорғау  мақсатында  іс-шараларды  атқарадындығы туралы атап өтті.

Мәселен 2020–2021 жылдары жылу беру маусымында облыста тұрғын секторларда 205 өрт оқиғасы орын алды.  Өрт оқиғасынан 9 адам қаза болып, 7 адам жарақат алды. Көмірқышқыл газынан уланудан 6 адам жарақат алды. Ал, табиғи газдан уланған  немесе  қаза болған  факті тіркелген жоқ. 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында 126 337 тұрғын үй секторы араланып, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Тұрғындармен 223 кездесу ұйымдастырылып, электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану талабы туралы айтылды.  Ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қазаны аралығындағы кезең «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланып, Полиция департаментінің,  қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, волонтёрлермен бірге Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары профилактикалық іс-шараларды атқаруда. Жалпы 156 тұрғын үйде 216 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды. 178 жіберілген кемшілік қалпына келтірілді. Тұрмыс жағдайы аз қамтылған 3 750 отбасыға көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды. Сонымен қатар Наурыз және Махамбет елді мекенінде тұратын тұрмысы төмен 23 мүгедек азаматтың тұрғын үйлерінің  мұржаларын тазарту жұмысын ұйымдастырды.

 

Қызылорда облысы ТЖД

баспасөз қызметі