6 қазан күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұрғын үй секторындағы жылыту маусымына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.
Қостанай облысы ТЖД бастығы полковник Б.Кәрімов өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңінің қорытындылары туралы айтып өтті. Оның негізгі мақсаты-тұрақты суық түскенге дейін орын алған бұзушылықтарды жою үшін халыққа пештерді орнату, электр аспаптары мен электр сымдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру. Ол үшін ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызметтер мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері халықтың әлеуметтік осал топтарымен атаулы өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында олар осындай 10 347 отбасының (1 258 - көп балалы, 4 819 - аз қамтылған, 2 268 халықтың қауқары аз топтары, 2 002 жетім балалар) үйлерінде болып қайтты, 58 937 азаматқа нұсқау берілді, үй иелерінің рұқсатымен тұрғын үйді тексерді. 751 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтар анықталды: жанғыш материалдарды жылыту құрылғыларының жанында сақтау, заттарды пештің үстінде кептіру және т.б. 271 бұзушылық бірден жойылды. Қайта жүргізілген аулаларды аралау нәтижелері бойынша 447 үй бұзушылықтармен пайдаланылуда. Олар бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ақпараттық хаттар жолданды. «Әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың тұрғын үйлерінде улы газды анықтау дабылқаққыштарын орнату бойынша жұмыстар жалғасуда, - деп атап өтті облыстық ТЖ басшысы. Сондай-ақ Б.Кәрімов облыс аумағында орналасқан жеке тұрғын үйдің 60%-дан астамы қатты отынмен жылытылатынын түсіндірді. Өрттерді және олардың теріс салдарын азайту үшін облыстың елді мекендерінде аулаларды аралау жыл мезгіліне қарамастан іс жүзінде күн сайын жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 10 айында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар 184 702 адамды қамти отырып, 79 612 ауланы аралап шықты. Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып және әлеуметтік желілердегі озық аккаунттар арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті және журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы