Приозерск қаласында құтқарушы-сүңгуірлердің жаттығулары жалғасуда

Приозерск қаласында құтқарушы-сүңгуірлердің жаттығулары жалғасуда

2021 жылдың 4-14 қазан аралығында Қарағанды облысы Приозерск қаласының құтқару станциясы базасында ҚР ТЖМ сүңгуірлерін даярлау және біліктілігін арттыру бойынша тренингтің екінші кезеңі басталды.

Тренингке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел-құтқару жасақтары мен әскери бөлімдерінің 13 құтқарушы-сүңгуірлері қатысады.

Оқытуды Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының "сүңгуірлерді даярлау жөніндегі нұсқаушы"біліктілігі бойынша сертификаттары бар ТЖМ нұсқаушылары жүргізеді.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкері күн сайын құтқарушы-сүңгуірлердің денсаулығы мен жағдайын тексереді. Сабақ алдында тыңдаушыларға қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау беріледі және сабаққа қатысуы тексеріледі.

Бірінші күні тренингке қатысушылар оқу-жаттығу базасымен, сабақ кестесімен және күнделікті тәртіппен танысты.

6 қазанда тренингке қатысушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топ теориялық материалды игерді, екінші топ сүңгуір қондырғылары мен құтқару құралдарын қолдана отырып, құтқару станциясы базасында техникалық бассейнге сүңгу бойынша практикалық жаттығуларды бастады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі