Елордалық ТЖД жалпы білім беретін мектептер арасында Құтқарушылар күніне арналған "Балалар құтқарушылар туралы" балалар шығармашылығының байқауын жариялайды

Елордалық ТЖД жалпы білім беретін мектептер арасында Құтқарушылар күніне арналған "Балалар құтқарушылар туралы" балалар шығармашылығының байқауын жариялайды

Байқау 2021 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 15 қазанына дейін Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі (3-5 сыныптар – өртке қарсы тақырыптағы суреттер, 6-7 сыныптар – өрт сөндіруші-құтқарушылардың ерлігі мен батырлық әрекеттері туралы  шығарма, ертегі, әңгіме, эссе,8-10 сыныптар – шығармашылық бейнеролик);

Жұмыстар 2021 жылдың 15 қазанына дейін (қоса алғанда) Нұр-Сұлтан қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, 24 мекенжайы бойынша немесе : gpk_dchs_ast@emer.kz электрондық мекенжайға қабылданады. Бейне жұмыстар WhatsApp +77053215584 нөмірі бойынша қабылданады.

Байқауға қатысуға: кез-келген техникада (түрлі-түсті қарындаштар, гуашь, тушь, пастель, компьютерлік графика, фотомонтаж және т.б.), А4-тен кем емес және А3-тен аспайтын форматтағы қағазда орындалған суреттер, ертегі туындыларының көлемі 2 беттен аспауы тиіс, ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез-келген жанр мен техникада (оның ішінде мультипликацияда) орындалған бейнероликтер жіберіледі. Барлық жұмыстарда автордың аты-жөні, сыныбы, жалпы білім беретін мекеменің атауы, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс. Барлық жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады (қалауы бойынша). Байқауға қатысушылар ұсынатын жұмыстар саны бір қатысушыдан 1 жұмыстан артық болмауы тиіс.

Бағалаудың негізгі критерийлері:

- жұмыстың көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

- идеяның бірегейлігі мен креативтілігі;

- идеяның айқындылығы;

- жұмысқа заманауи көзқарас;

- шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұны (ертегі, әңгімелер үшін).

Байқау қорытындысы 2021 жылдың 18 қазанында шығарылады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.