Қарағанды облысы ТЖД бастығы Жезқазған өңіріне жұмыс сапарымен барды

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Жезқазған өңіріне жұмыс сапарымен барды

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов пен ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Евгений Лохнов Жезқазған өңіріне іс-сапармен барды.

Жұмыс сапары барысында ТЖД басшылығы Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларындағы, сондай-ақ Ұлытау және Жаңаарқа аудандарындағы аумақтық бөлімшелердің дайындығын тексерді.

Ағымдағы жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары тыңдалып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жүргізілетін жұмыстарды одан әрі жақсарту бойынша тапсырмалар берді.

Тыңдау барысында Мұрат Қатпанов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын жеткізді.

ТЖД бастығы салтанатты түрде қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградаларды табыс етті. Сондай-ақ бөлімшелердің жеке құрамымен кездесулер өткізіліп, бар проблемаларды талқылап, қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі