
Өрт сөндірушілер апта сайын дерлік ірі жем сақталатын ашық аумақта да, пішен сарай аумағында да тұтануды жояды. Ең көп өрт Тарбағатай, Аягөз, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында тіркелді. Өрттердің пайда болуының негізгі себептері отты абайсыз қолдану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.
Мәселен, 3 қазан күні Күршім ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 10 тонна шөп өртенді. Өрт шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкцияларына жайылды. Құтқарушылар 2 шаршы метр алаңға жайылған отты жойды. 4 қазан күні таңғы сағат 05:00 шамасында Бесқарағай ауданында шаруа қожалығының аумағында 150 тонна шөп өртенді. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД құтқарушыларының, орманшылық пен шаруа қожалығының күштері мен құралдары қатысты. Семей қаласының "Восточный" саяжай массивінде "Камаз" автокөлігімен шөп тасымалдау кезінде жалпы ауданы 20 ш.м. болатын 6 тонна теңдерде жиналған пішен өртенді. "Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай алаптарының тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіледі. Үгіт материалдары таратылады", - деді ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.
ШҚО ТЖД ескертеді:
- Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет; жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс; мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс; жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс; ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады; пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.
Егістіктерде тыйым салынады: тракторлардың, өздігінен жүретін шассилер мен автомобильдердің капотсыз немесе ашық тұрған күйінде жұмыс істеуі; қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды жағу үшін дәнекерлеу шамдарын қолдану; егістіктерде сабан, аң қалдықтарын жағу және от жағу; бензинмен, керосинмен немесе өзге де жанғыш заттармен майланған немесе сіңірілген материалдарды (қағаз, мата, мақта және т. б.) бұл үшін арнайы көзделмеген күйде қалдыруға болмайды.
Өрт болған жағдайда 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке немесе 112 шұғыл қызметіне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі