
2021 жылғы 4 қазанда Қарағанды облысы Приозерск қаласының құтқару станциясы базасында ҚР ТЖМ сүңгуірлерін даярлау және біліктілігін арттыру бойынша тренингтің екінші кезеңі басталды. Шара 4-14 қазан аралығында өтеді.
Тренингке 5 нұсқаушы (РЖҚЖ, Нұр-сұлтан Қ., Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстарының ЖҚБ), 10 құтқарушы-сүңгуір (Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарының ЖҚБ), 3 әскери қызметші (№28237, 52859, 68303 ә/б) қатысады.
Бірінші күні келген құтқарушылар мен жедел-құтқару жасағының нұсқаушылары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу базасымен, сабақ кестесімен және күн тәртібімен танысты.
Төтенше жағдайларды жою департаментінің қызметкерлері мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті сабақ өткізу барысында тәртіпті, заңдылықты және қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық өткізді.
10 күн ішінде тренингке қатысушылармен теориялық және практикалық сабақтар, оқу сүңгуірлік түсулер, су астындағы авариялық-құтқару құралдарын қолдану, сүңгуірлік жарақтардың біліктілігі және т. б. өткізілетін болады.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті