
Қостанайда жылыту маусымына дайындық және саяжай мен бау-бақша қауымдастықтарындағы өрттің себептері бойынша брифинг өтті. Қостанай қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмаз Боранбайұлы Тулендин бүгінгі күні Қостанай қаласы аумағында 184 есептік өрт тіркелгенін, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 16,6% - ға азайғанын, онда 4 адам қаза тапқанын, 8 адам түрлі дәрежедегі жарақат алғанын айтты.
Жылыту кезеңінің басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі мәселелеріндегі қауіпті учаскелердің біріне саяжай және бау-бақша қоғамдары жатады. Мәселен, Қостанай қаласының аумағында 20 бау – бақша және саяжай қоғамдары орналасқан, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде осы учаскелерде-18 өрт тіркелген, сондай-ақ қаза табудың 1 фактісі және 1 зардап шеккен адам бар. Осы бақша және саяжай қоғамдарында барлығы 847 отбасы, 2383 адам тұрақты тұрады. Өрттер санының жалпы өсуі тұрғын үй секторына мынадай себептер бойынша келеді: тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу. Саяжай және бау-бақша қоғамдарында өрттердің пайда болу себептері отты абайсыз пайдалану, қоқыстану, қоқысты, құрғақ өсімдіктерді уақтылы шығармау және жағу. 2021-2022 жж. жылыту маусымына дайындық шеңберінде облыс аумағында 15.08.-15.09. өрт қауіпсіздігі айлығының 1 кезеңі өткізілді. Қостанай қаласы ТЖБ қызметкерлері ЖПҚ-мен және волонтерлермен бірлесіп, бұзушылықтарды алдын ала анықтау және жылыту кезеңіне дайындық мақсатында аулаларды аралап шықты. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын барлығы 1629 отбасы есепке алынды, аталған санаттағы адамдар 100% қамтылды.
ТЖ - ға жол бермеу мақсатында Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын бақша, гараж қоғамдастықтары мен кооперативтерінің аумағын тазалауды жүргізуді, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыруды сұраймыз.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 336-бабында да өзгерістер бар. Егер бұрын осы құқық бұзушылық үшін ескерту көзделген болса, қазір жеке тұлғаларға – 20, лауазымды адамдарға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қостанай облысының ТЖД
Қостанай қ. ТЖБ