АМО психологтары республикалық конкурстың лауреаттары атанды

АМО психологтары республикалық конкурстың лауреаттары атанды

2021 жылғы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Мейірімділік керуені» республикалық байқауына қатысушыларды марапаттау өтті. Байқауға өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен, игі істерімен және іс-әрекеттерімен Әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосқан жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Оқжетпес «ЕСК» АҚ, «Хабар» агенттігі және «КТК» республикалық арнасы ұйымдастырды.

Лауреаттар бес номинация бойынша іріктелді. «Батыл жүрек» номинациясында жеңімпаз шұғыл қызмет (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т.б.) қызметкерлері арасында тағайындалады.

Конкурс нәтижесі бойынша «Батыл жүрек» номинациясында Алматы қаласы маңында ұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсету кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Апаттар медицинасы орталығының шұғыл психологиялық көмек басшысы Динара Бақытқызы Жакубекова және психолог Айдана Әлібекқызы Садықова лауреаттар атанды.

Әріптестерді марапаттаумен құттықтаймыз және жұмыста табыс тілейміз!

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ