Ардагер Жарқынбек Мырзахметұлы

Ардагер Жарқынбек Мырзахметұлы

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, тер төккен азаматтар баршылық, солардың бірі  Жарқынбек Мырзахметұлы Шопанбаев. Жарқынбек Мырзахметұлы жуырда  64 жасқа толды.

Ол 11 жыл Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет атқарып, 33 жылдан аса азаматтық қорғау органдарында маңдай терін төгіп, табан аудармай абыроймен қызмет атқарған, қызметіне  адал азаматтың, ардагердің  бірі.

Қызмет атқарған жылдарында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік төс белгілерімен марапатталған.

Жарқынбек Шопанбаевтың адами қасиеті,  тәлім–тәрбиесі, білімі әрқашан да  әріптестеріне үлгі.

Бүгінде ол зейнетте болса да, қызметкерлерге бағыт-бағдар беруден, білгенін үйретуден жалыққан емес. Жарқынбек Мырзахметұлына алдағы уақытта да зор денсаулық пен отбасындағы амандықты тілейміз.

 

Қызылорда облысы ТЖД