Жомарттылық пен даналықтың күні...

Жомарттылық пен даналықтың күні...

1 қазанда барлық әлемде халықаралық қарт адамдар күнін атап өтеді. Бұл күн балалар өз ата-аналары мен туыстарын  естеріне алып, құрмет көрсетіп, көмек сұрауға ұялатын адамдарға көмек қолын ұсыну мақсатында жасалған.

Ұтымды өмір салтын үйрену қай жаста да кеш емес және оны іс жұзінде Павлодар облысы төтенше жағдайлар ардагеолері дәлелдейді.

Бүгінгі таңда екіжүзден аса ардагер Павлодар облысының түлі ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс жасап келеді. Ардагерлер арасында шаруа қожалары, омарташы, тігіншілер, ұлттық өнер кәсібімен айналысатындар да бар.Біздің ардагерлер ТЖ департаментінде өтетін дөңгелек үстел, жас қызметкерлермен кездесулер, әр түрлі тақырыптағы семенарлар, жастарға тәлімгер болу сияқты іс-шараларға белсенді араласады. Ардагерлер спорттық іс-шараларға да белсенді араласып отырады. Ақсу қаласының футболдан ардагерлер құрамасы қалалық жарыстардан жылда бірінші орын алады.

Ардагер ұйымы мамандарда антқа деген  адалдықты, жоғары моральды-өнегелі қасиеттерді, өзінің қызметтік және азаматтық міндетін түсіне отырып, азаматтық қорғау болашақ ұрпағы қызметкерлеріне мықты негізде қызмет етеді, және оны әр деңгей басшылары естен шығармау керек. Және  бұл мүмкіндікті пайдалану керек. Бізге осы өміріміз бен бүгінгі жағдайымызды жасаған адамдарға қамқор болу - бұл жас ұрпақтың міндеті.  Өкінішке орай, қарт адамдардың көбі бүгін жалғыз және көмекке зәру. Олар медициналық көмек, дәрі-дәрмектерді ғана қажет етпейді сонымен қатар,қарапайым тұрмыста қажет күтім мен көмекті және адамдардың назарын қажет етеді.

1 қазан қарсаңыда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің басшылары ардагер әріптестері мен тәлімгерлерінің үйлеріне барып құттықтады, оларға шағын сыйлықтар, ведомстволық газеттер мен журналдарды апарып, гарнизонның қызметі туралы әңгімелеп берді.  

Халықаралық қарттар күні қарсаңында тағы бір мәрте еске салғым келеді, әр бір отбасы үлкендер ұрпағының махаббаты мен естеліктерінің арқасында сақталуда. Бұл адамдар өздерінің немерелері мен шөберелеріне көп жылдық тәжірибелерін үйретеді. Қоғамдық бірлестік президиумы ардагерлерді мерекелерімен құттықтайды. Барлықтарыңызға зор денсаулық, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың назары мен жылулығын, бейбітшілік пен түсіністік тілейміз. Азаматтық қорғау органдары  қызметкерлерін қарт адамдардың қажеттіліктеріне рақымшылық танытуға шақырамын.

 

 

Павлодар облысы «Төтенше жағдайлар бойынша болімшелер ұйымның ардагері»

 Қоғамдық бірлестік филиалы төрайымы

Асқарова Кәкима Хайроллақызы