
Қызылорда облыстық №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатында орын алған өртті шартты сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Өрт тактикалық жаттығуға барлығы 9 техника, 45 қызметкер қатыстырылды. Оқу-жаттығу барысында сағат 19.07-де оқу ғимаратының 2- қабатында орналасқан ауданы 8х5 метр информатика сыныбында тоққа қосылып тұрған компьютердің электр сымдары қысқаша тұйықталып, жанды. Жалын жанғыш заттарға тиіп, өрт барлық аумаққа тарады. Өрттің шатырға таралу қаупі пайда болды. Шығыста орналасқан есік пен баспалдақ түтіндеді. Өрт дабылы іске қосылып, оқытушылар құрамы балаларды эвакуациялауды ұйымдастырды, содан кейін футбол алаңында оқушыларды санап шықты.
Төтенше жағдай орнына жедел жеткен Өрт сөндіу қызметінің күштер мен құралдары оқушыларды бөлмелерден іздестірді. Содан кейін өртті сөндіруге көшті. Қосымша үш өрт сөндіру автосатысы шақырылып, үшінші қабаттан зардап шеккен адам құтқарылды. Екінші қабаттағы сыныптардан 1 оқушы және жатақханадан 2 оқушы шығарылып, жедел-жәрдемге табысталды. Өрт 19 сағат 33 минутта толық сөндірілді.
«Мұндай оқу-жаттығулардың кәсіби шеберлікті арттыруға ықпалы мол. Оқу-жаттығу өз деңгейінде өтті», деді -Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі