АНОНС ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы курсанттарының салтанатты түрде ант беру рәсімі өтеді

АНОНС ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы  курсанттарының салтанатты түрде ант беру рәсімі өтеді

2021 жылдың 1 қазанында сағат 12.00-де  Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының  күндізгі оқу факультетінің 1-курс курсанттарының (146 курсант) салтанатты түрде ант беру рәсімі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор  Юрий  Ильин,  Ақмола облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығы қатысады.

Академия -  азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Курсанттарды оқу кезеңі барысында толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Түлектерге  азаматтық қорғау лейтенанты шені және ҚР ТЖМ бөлімшелеріне жұмысқа орналасуына кепілдік беріледі.

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы

Академияның баспасөз қызметіне хабарласыңыздар

 

Айгүл  Өзекова

Тел: 87785238445

Эл.пошта: @aigul.tv16@mail.ru