Атырау облысында өрт тактикалық жаттығуы өткізілді

Атырау облысында өрт тактикалық жаттығуы өткізілді

24 қыркүйекте бірлескен жоспарға сай, Атырау облысы «ӨС және АҚЖҚ» ММ мен Темір жол көлігіндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі Атырау жасағы Ақжайық өрт сөндіру пойызының кезекші қарауылдарымен бірлескен өрт-тактикалық жаттығу сабағы өтті.

Оқу жаттығуға Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 МӨСБ-нен 2 бірлік негізгі өрт сөндіру автокөлігімен 8 жеке құрам және Ақжайық бекеті паркінен 1 бірлік өрт сөндіру пойызы мен 12қызметкер жұмылдырылды.

Өрт-тактикалық жаттығудың мазмұны бойынша Ақжайық бекеті паркінде мұнай тасу теміржол цистернасының шартты жануы болды.

Жаттығудың мақсаты тасымалданатын мұнай өнімдерінің теміржол көлігінде болуы мүмкін өрттерді жою бойынша нақты және жылдам іс-қимыл жасау дағдыларын меңгеру, обьект персоналының өртке қарсы бөлімшелердің жеке құрамымен өзара іс-қимылын пысықтау, өртті сөндірудің дұрыс әдістерін айқындау болып табылады.

Шартты өрт орнына Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және Ақжайық бекеті паркінен өрт сөндіру пойызы келіп, күштер мен құралдарды өрістетіп, жауынгерлік екі участік құрылды. Шартты өртті жоюға 2 дана тасымалды лафетті оқпанжәне 2 дана ГПС –600 көбікті оқпандары пайдаланылды. Өрт сөндіру қызметі мен Ақжайық өрт сөндіру поезының кезекші қарауылдарының өзара үйлесімді іс-қимылының арқасында шартты өрт жойылды.

Өткізілген өрт-тактикалық жаттығуды қорытындылай келе, барлық жеке құрам өздеріне қойылған тапсырмаларды өзара іс қимыл нұсқаулығына сай толықтай жақсы деңгейде атқарды.

 

Атырау облысы ТЖД