
Жеке секторда өрттердің және улы газбен улану оқиғаларын болдырмау мақсатында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері мүмкіндігінше көп жеке үйлерді өрт қауіпсіздігі насихат жұмысымен қамтуға тырысып,ауқымды өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді. Құтқарушыларды "Қызыл Жарты Ай қоғамы" және "Лидер кз", "ҚазТрансАймақ", әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, сондай ақ әкімдік қолдады.
Тек 25-26 қыркүйек күндері ТЖД жеке құрамы 10 мыңнан астам тұрғын үйлерінде түсіндірме жұмысын жүргізіп , өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 12 мыңнан астам жадынаманы табыстады.
"Көмек қолы" акциясының барысында бүгін Түрксіб ауданы Жаяу Мұса көшесінде көпбалалы бес баланың әкесі болып табылатын азамат Елемесовтың отбасына «Көмек қолы» науқанының аясында іс-шаралар жүргізілді.
Үй төбесіне көтеріліп, өрт сөндірушілер пештің мұржасын тазалап, пеш алдындағы төсеме орнатты. Ас үй бөлмесінде орналасқан көмірмен жылытатын пеш құтқарушылар улы газдан қорғайтын датчигін орнатты. Түрксіб ТЖБ инспекторы өрт қауіпсіздігі туралы ережелерін жеткізді.
Өз кезегінде әкімдіктің, әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қызметкерлері тұрғын үйге арналған құжаттарды сәйкестендіру үшін кеңес беріп, содан кейін отбасына атаулы әлеуметтік көмек алу үшін есепке қою үшін басқармаға шақырды.
Сондай ақ, өрт сөндірушілер, инспекторлар, «Қазтрансгаз Аймақ» қызметкерлері мен еріктілер Алмалы ауданы, Қараөткел көшесінде тұратын Чаплыгина Людмила Васильевнаға көмекке келді. Анықталғандай, 65 жастағы қарт әйел жалғыз тұрады. Үйдің жағдайы нашар. Қауіпті жағдайдағы тоқ көздерін көрген құтқарушылар оларды изолентамен оқшаулап, пештің жанына көміртегі тотығы детекторын орнатып, өртке әкелуі мүмкін үй аумағындағы арамшөптерді тазартты
Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша 148 мың 346 жеке тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде 3 мың 148 қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлер, 1383 әлеуметтік осал отбасы түзетілді және жеке топқа бөлінді, оның ішінде 354 үй ерекше қанағаттанарлықсыз жағдайда (пештің түтіндігін тазалау, жарықтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлердегі қабырғаларды ақтау, электр сымдарын ауыстыру, улы газ датчиктерін, газ талдағыштарды және қорғаныштық ажырату құрылғыларын орнату талап етіледі).
Улы газды қорғаудан датчиктерді орнату тек халықтың әлеуметтік осал топтарына орнатылады.
Алматы қаласы ТЖД