Қостанай облысы ТЖД кинологиялық қызметі мен «Регион-10» іздестіру жасағы бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Қостанай облысы ТЖД кинологиялық қызметі мен «Регион-10» іздестіру жасағы бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Қостанай қаласының жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесін іздестіру іс-шараларына әзірлікті дамыту және қолдау мақсатында 18 қыркүйекте «Регион-10» ерікті іздестіру-құтқару жасағымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтті.

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты іздеу төбеттерінің көмегімен өзара әрекеттесуді пысықтау және табиғи ортада шартты түрде төрт адам шамасындағы зардап шеккендерді табу.

Шартты ізденістер Қостанай қаласының шыға берісіндегі орман алқабында жүргізілді. Кинологиялық есеппен зардап шеккен адам анықталған жағдайда, зардап шегушінің келуі және эвакуациялануы үшін негізгі топқа координаттар беріледі, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Оқу-жаттығу жиынының қойылған міндеттері мен мақсаттарына табысты қол жеткізілді.

 

Қостанай облысының ТЖД