Шымкентте С.Нұрмағамбетов атындағы №72 мектепте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметтерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды. Іс-шара азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Мерей Келеғұлов пен мектеп директоры Бегмат Усмановтың басшылығымен өтті.
Сейсможаттығуды бекітілген жоспар-кестеге сәйкес Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Оқу сценарийі бойынша балалар мен мұғалімдер, сондай-ақ мектептің басқа қызметкерлері мектеп ғимаратынан эвакуацияланды. Шартты түрде зардап шеккенді құтқарушылар үйінді астынан шығарды, алғашқы медициналық көмекті Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері көрсетті. Өрт сөндірушілер зардап шегушіні мектеп ғимаратының үшінші қабатының терезесінен эвакуациялады.Авариялық-құтқару қызметтерінің, азаматтық қорғау бөлімшелерінің және жалпы ТЖ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кездегі олардың жұмысының тиімділігі бағаланды.
Қазір қалада барлық жалпы білім беретін мектептерде сейсмикалық жаттығу жүргізілуде. Оның мақсаты оқушылардың ықтимал жер сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жою болып табылады.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы