17 қыркүйек күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник С.К. Битаевтың Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры А.К.Қайырденовпен қызметтік бағыттағы кездесуі өтті.
Кездесу барысында ықтимал төтенше жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу және жою мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник С.К.Битаев Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысымен және қалақұраушы кәсіпорындардың қызметімен, соңғы жылдары жүргізілген жаңғырту нәтижелерімен және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысты.
Сондай-ақ жұмыс кездесуінің соңында С.К.Битаев зауыттың бүгінгі күнге дейінгі бүкіл тарихы көрсетілген ведомстволық мұражайына барды.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі