Азаматтық қорғау ардагерімен сынып сағаты

Азаматтық қорғау ардагерімен сынып сағаты

Еліміздің басты мерекесі қарсаңында мектептерде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар өтуде. Жас ұрпаққа егемен жылдардың маңыздылығын түсіндіретін жоба бүгін қала мектептерінде басталды.

Жобаның ерекшелігі ашық сабақтарға оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, сондай-ақ түрлі қоғамдық ұйымдар, мемлекетіміздің қалыптасуы мен өңірдің дамуына үлес қосқан адамдар қатарынан қонақтар да шақырылады. Павлодар облысының өртке қарсы қызмет ардагері Смағұлов Марат Мұқышұлы дарынды балаларға арналған Павлодар қаласының № 3 гимназиясында сынып сағатына қатысты. Кездесу сұрақтар мен жауаптар форматында өтті. Оқушылар ардагердің алдында отырғанына қарамастан, олар ерекше қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойды. Марат Мұқышұлы төтенше қызмет үшін мамандар даярлайтын өрт сөндіруші – құтқарушы мамандығы туралы айтып, балалардың назарын үйде, мектепте және демалыста қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігіне аударды. Сонымен қатар демалыс кезінде балаларды Павлодар облысында ТЖ қызметінің қалыптасу тарихына арналған мұражайға баруға шақырды.

Мұндай тәрбие сағаттары бұл жас ұрпақта отансүйгіштік сезімін оятатын, елге деген сүйіспеншілікті оятатын және оның рухын көтеретін бірегей жоба.

 

Павлодар облысы ТЖД Ардагерлер кеңесі