Құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат

Құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат

16 қыркүйек күні сағат 17.27-де Т.Рысқұлов атындағы ауданына қарасты Көкдөнен ауылынан 10 шақырым жерде құрғақ шөп өртенді. Тараз қаласынан оқиға  орнына дейінгі қашықтық шамамен 120 шақырым. Өртті жоюға Жамбыл облысы ТЖД 56 адам мен 6 бірлік техника, Орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасынан 91 қызметкер мен 16 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 130 қызметкер мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Барлығы 277 адам мен 42 бірлік техника.

Өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы тартылды. Өрттің алдын ала аумағы 500 гектарды құрайды

 

               Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі