Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымы қарсаңында өткізіліп жатырған іс-шаралар туралы брифинг өтті

Батыс Қазақстан облысында  жылыту маусымы қарсаңында өткізіліп жатырған іс-шаралар туралы брифинг өтті

2021 жылғы 15 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ернұр Сапарұлы Өтегенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифингке қатысып, Батыс Қазақстан облысы аумағындағы 2021-2022 жж. жылыту маусымы қарсаңында өткізіліп жатырған іс-шаралар туралы сөз сөйледі.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Батыс Қазақстан облысында 322 өрт тіркелді, онда 4 адам қаза тауып, 5 адамда түрлі дәрежедегі күйік және улану фактілері орын алды. 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өрттердің жалпы саны 17,8%-ға, жарақаттанған адамдар саны 2 адамға кеміген (2020 – 7 адам), дегенмен қаза болғандар саны сол деңгейде қалып отыр (2020 – 4 адам).

Өрт кезінде қаза болған адам саны Ақжайық ауданында 2 адамға артып отыр (2020-0, 2021-2).

Жылу және энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖД-ның ерекше бақылауында.

Жылыту маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жекелеген проблемалық мәселелері тұрмыстық газды пайдалануға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі болып табылады. Соңғы 3 жылда тұрмыстық газ тұтынушылар объектілерінде табиғи газбен уланудан 3 адам қаза тауып, 41 адам түрлі дәрежедегі улануға ұшырады.

Сонымен қатар 2020 жылы тұрмыстық газ баллондардың жарылуы салдарынан облыста 4 өрт оқиғасы тіркелді (2021-0).

Барлық жастағы тұрғындар және әлеуметтік топтар арасында өрт мәдениеті деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

15 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін ТЖД бөлімшелерімен халыққа тек жылдың жылы мезгілінде ғана өрт қауіпсіздігі жағдайына келтіруге болатын пештерді орнату кезінде, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде.

Әлеуметтік қорғау органдарының ақпараты бойынша, халықтың әлеуметтік осал топтарының 1280 тұрғын үйі есепке алынды. Бүгінгі күні ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындар саны 6652 қамтитын 2619 тұрғын үйді аралап шықты, оның ішінде 946 әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйі болып табылады.

Жыл басынан бері тұрғын үйлерде 776 табиғи газ датчигі, сонымен бірге әкімдіктер мен демеушілер есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына 18 улы газ датчигі орнатылған болатын. Жалпы соңғы 3 жылда тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілер есебінен 194 улы газ датчигі орнатылды.

Осылайша, сәуір айынан бастап тамызға дейін барлық өңірлерде ТЖ департаменттері «Қауіпсіздік үшін бірге», «Отты тоқтат!» (сәуір-мамыр), «Қауіпсіз балалық шақ», «Отсыз демалыс!», «Менің қауіпсіз демалысым», «Оттан сақ бол!» (мамыр–тамыз), «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» (шілде–тамыз) атты акция шаралары өткізілді.

Осы жұмыс шеңберінде барлығы 420 дәріс, жиын, нұсқама, сондай-ақ 28 брифинг және 24 дөңгелек үстел өткізілді, мұғалімдер арқылы «Whatsapp» мессенджеріндегі ата-аналар чаттарына өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер жіберілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 803, әлеуметтік желілерде 1193 ақпарат жарық көрді.

Ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында, «Әр үйге қауіпсіздік!» (қазан), «Улы газдан сақтан» (қараша), «Қауіпсіз Жаңа жыл» (желтоқсан) атты 3 акция шараларын өткізу жоспарланған.

 

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі