Алматы облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Алматы облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Алматы облысының аумағында 15 тамыз бен 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі.

Өрт қауіпсіздігі айлығының негізгі мақсаты - жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Аулаларды аралау барысында пештер мен түтіндіктерді орнатуға басты назар аударылады, пештер мен түтіндіктерді орнату кезінде бұзылған жағдайда иелеріне оларды жою бойынша ұсынымдар, жадынамалар беріледі. Алайда біздің көптеген азаматтарымыз ережелерді сақтауға немқұрайлылықпен қарайды. Көбінесе пештерді төсеу "кездейсоқ адамдарға" сенеді, пештерді жылдар бойы жөндемейді, мұржаларды тазаламайды. Жыл сайын осы себептен Алматы облысында 80-нен 120-ға дейін өрт шығады. Бірінші кезекте үй-үйді аралау халықтың әлеуметтік осал топтары мен қолайсыз отбасылар тұратын мекен жайлар бойынша жүргізіледі.

Тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысу үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа, аудандық полиция бөлімдердің қызметкерлері, энергия қадағалау, газ шаруашылығының қызметкерлері, ПИК және БАҚ өкілдері, үкіметтік емес волонтерлік ұйымдардың мүшелері тартылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 13953 тұрғын үйінде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, 24 мыңға жуық азамат қамтылды.

Азаматтық қорғау қызметкерлері барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және міндетті түрде қызметтік куәлігін көрсете отырып, нысанды киіммен тұрғын үй секторын аралайды.

Алматы облысы ТЖД тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- жылыту маусымы басталар алдында пеш пен түтін мұржаларының жарамдылығын тексеру қажет;

- пешті тексеру жүйелі болуы керек;

- отын мен басқа да жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықта жинау қажет;

- кешке пештің оттығын ұйқыдан 2 сағат бұрын тоқтату керек;

- жиһаз, перделер және басқа да жанғыш материалдар, заттар жанып жатқан пештен 1 м жақын емес жерде орналасуы керек;

- түтіндіктер мен пештерді күйеден тазалау жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту маусымында үш айда бір рет жүргізілуі керек.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі