Өңірлік коммуникациялар орталығының онлайн алаңында жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Двиянин Алексей сөз сөйледі.
Двинянин Алексей алдымен ағымдағы жылдың өткен 9 айындағы тұрғын үй секторындағы өрттердің статистикасын атап өтті. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша тұрғын үй секторында 307 өрт болды, материалдық шығын 21 млн.астам құрады, орын алған өрттердің нәтижесінде 11 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапты. Түрлі сипаттағы 9 адам жарақат алды.
Спикер тұрғын үй секторындағы өрттердің пайда болуының негізгі себептеріне тоқталды. Бұл отты абайсыз пайдалану, электр жабдығын монтаждау мен пайдалануды бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, өзгелердің мүлкін қасақана жою, балалардың тентектігі, тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.
Сонымен қатар, ол жылыту маусымына дайындық аясында «Павлодар облысының аумағында 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу іс-шараларының жоспары» әзірленгенін, оған барлық азаматтық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, Білім және денсаулық сақтау басқармасының халықпен жұмыс істеу шаралары енгізілгенін айтты.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар ерекше бақылауда. Бұл 1790 үй. Әлеуметтік осал отбасылар бойынша 1356 тұрғын үй секторын аралап, 3 мың 782 адам өрт қауіпсіздігі шараларына оқытылды. Барлығы өртке қарсы тақырыпта 6 мың 170 жадынама берілді. Сонымен қатар Павлодар облысы аумағында жеке тұрғын үй секторының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 82 мың 261 тұрғын үй аулаларды аралап, 173 мың 243 адамды қамтыды. 13 мың адамды қамтитын 583 халықпен жиын ұйымдастырылды.
Сөз соңында спикер журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Павлодар облысы ТЖД