АНОНС

АНОНС

2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында Қапшағай қаласынан төмен «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий  Викторович Ильиннің басшылығымен өтеді. Оған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары – ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволары, Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері қатысады.

 

Журналистерді жинау уақыты мен орны:

22 қыркүйек сағат 06:00-де Байзақов көшесі, 300

 Алматы қаласы ТЖД автокөлігімен барамыз

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне

18 қыркүйекке дейін

тел.: 8(727) 2745106,  87016617050 хабарласуға болады