Павлодар облысының өрт сөндірушілері екі адамды құтқарды.
2021 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 22.42-де «101» пультіне Мәшһүр Жүсіп көшесі, 17 мекенжайында орналасқан павлодарлық бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру жасақтары келген соң залда жалпы ауданы 5 шаршы метр диван, креслолар және үй заттары жанып жатқаны анықталды. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері тез арада жанып жатқан пәтерден адамдарды құтқаруға кірісті. Аға инженер азаматтық қорғау аға лейтенанты Саттаров Рустам, бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ахтамбер Темірлан және азаматтық қорғау қатардағы өрт сөндіруші Жұмабеков Тамерлан үш иінді сатымен пәтерге кіріп, 1948 жылы туған әйел мен 1977 жылы туған ер адамды құтқарды.
Зардап шеккендерді жедел жәрдем бригадасы Павлодар қаласының № 1 ауруханасына жатқызды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін үшінші подъезден 19 адам, оның ішінде 4 бала өздігінен эвакуацияланды. Өрт сағат 23.12-де жойылды. Өрттің болжамды себебі-темекі шегу кезіндегі абайсыздық. Шығыны анықталуда.
Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының, «102», «103» қызметтерінің жеке құрамынан 17 адам және 6 бірлік техника жұмыс істеді.
Өз кезегінде Павлодар облысының ТЖД барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды.
Мыналарға:
- төсекте немесе орындықта темекі шегуге тыйым салынады. Егер сіз темекіні уақытында сөндірмесеңіз, одан киім немесе жиһаз жануы мүмкін;
- тіпті сөндірілген темекіні қағаз бен басқа да жанғыш қалдықтары бар жәшіктерге тастамаңыз – олар жануы мүмкін;
- күл салғыш ретінде қағаз қаптарды, сіріңке қораптарын немесе темекі қораптарын пайдаланбау керек;
- сіріңке немесе темекіні кішкентай балалардың қолына түспеуін қадағалау керек.
Павлодар облысы ТЖД