Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің үш мүшесін іріктеу жөнінде қосымша конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің кандидаттарына «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Ашықтылық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.
Жұмыс тобының отырысына қатысу үшін байқаушы ретінде коммерциялық емес ұйым және (немесе) бұқаралық ақпарат құралы өкілінің жазбаша ұсынысы мен мәліметтері (2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш) ұсынылады:
Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидаттан артық ұсынбауы қажет.
Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар, конкурсқа жіберілмейді.
Қоғамдық кеңестің кандидатуралар бойынша ұсыныстарды конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейн 10 жұмыс күні мерзімде мына мекенжайға жіберу қажет: индекс 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мекенжайы бойынша, сондай-ақ: : mendybayeva.om@emer.kz (к.т. 60-09-64).