Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі 52859 әскери бөліміне келді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  бірінші вице-министрі 52859 әскери бөліміне келді

2021 жылдың 5 қыркүйегінде 52859 әскери  бөліміне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Бірінші вице-министрі Ибрагим Дәукесұлы Күлшімбаев келді.Төтенше жағдайлар басшының бірінші орынбасарын күту үшін 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесі саптық алаңда жиналған болатын. Азаматтық қорғаныс органдарының 25 жылдығына орай, келген ардагерлерді меретойлық  медальдарымен марапаттады. Өз сөзінде Ибрагим Дәукесұлы марапатталған ардагерлерді құттықтап, ал жеке құрамға әскери қызметтің маңыздылығы мен үлкен жауапкершілігін еске салды.

Кейін ол әскери бөлімді аралап, негізгі нысандармен танысты.Басқарма штабы, сарбаздардың  ұйықтайтын үй-жайлары,жауынгерлік даярлық сыныптары,асхана,спортзал,клуб, ақпараттық-тәрбие бөлмесі және тағы басқа бөлімнің негізгі обьектілерін аралап,оң бағасын берді.

Айта кетейік, 52859 әскери бөлімінің казармасы мен бекітілген аумағы жақында ғана күрделі жөндеуден өткен болатын. ҚР төтенше жағдайлар Бірінші вице-министрінің  оң бағасын беруі-әскери бөлімде атқарылған жұмыстың нәтижесі деп білеміз.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі