Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары курсанттармен тәжірибе бөлісті

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары курсанттармен тәжірибе бөлісті

2021  жылдың 8 қыркүйегінде Орталық аппарат қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің басшылық құрамы кестеге сәйкес Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.К. Шапағатов күндізгі оқу факультетінің 4-курс курсанттарымен «Орман өрттерінің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру» тақырыбында  сабақ өткізді.

Сабақ шеңберінде азаматтық қорғау полковнигі М.К. Шапағатов курсанттарды облыс аумағында болған өрттердің статистикалық деректерімен, орман өрттерінің түрлерімен, сондай-ақ Ақмола облысы ТЖД олардың алдын алу жөніндегі қызметі туралы таныстырды.

Курсанттардың орман және орманды дала өрттерін сөндіру бойынша жеке практикалық тәжірибелерінен алынған мысалдар ерекше қызығушылығын тудырды. Сабақ барысында курсанттар белсенді сұрақтар қойып, ой бөлісті.

 

ҚР ТЖМ Малика Ғабдуллин атындағы

 Азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі