Үйлесімді және жедел жұмыс үшін алғыс

Үйлесімді және жедел жұмыс үшін алғыс

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері күн сайын өртпен, авариялық жағдайлармен бетпе-бет келеді және басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге тура келеді. Олардың жедел, кәсіби еңбегі, қолдау көрсеткендері үшін алғыс хаттар келеді.

Бұл жолы Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару  жұмыстары қызметіне Долинка кентінің тұрғынынан хат келіп түсті, онда Максим Калинкин 2021 жылғы 31 тамызда өртті сөндіруді жүзеге асырған өрт сөндірушілерге алғыс сөздерін білдірді.

31 тамызда Долинка кентінде үйлердің бірінде өрт шықты. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушілері оқиға орнына келіп, жағдайды бағалап, өртті 31 минут ішінде тез арада жойып, оның көрші үйлерге таралуына жол бермеді.

«Өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне, атап айтқанда «ӨСжАҚЖҚ»  ММ 3-МӨСБ 3 қарауылына жеделдік пен адалдығы үшін өрттің үйге таралуына жол бермегені үшін алғысымды білдіргім келеді. Мекенжайы Долинка кентінің 2 тұйық көшесі, 5 үй», - деп алғыс хатта жазылған.

«Азаматтардан бұндай алғыс сөз есту қуантады. Біз жай ғана өз жұмысымызды орындадық»,- деп №3 МӨСБ бастығы Берік Рахымжанов бөлісті.

Өзгелерді құтқаруда өз өмірлерін қатерге тігетін адамдар үшін шынайы ризашылық  сөзден  артық  құрмет  жоқ.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі