Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Жамбыл облысының жарылыстан зардап шеккен кенттерінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Жамбыл облысының жарылыстан зардап шеккен кенттерінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды

 

26 тамыз күні кешке АМО-на ҚР Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінің аумағында орын алған өрт туралы ақпарат келіп түсті. Дабыл бойынша АМО орталық аппаратының медициналық және психологиялық бөлімшелері көтеріліп, жедел топ құрылды. Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент пен Алматы қалаларының филиалдары жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Түркістан облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының медициналық бригадасы төтенше жағдай орнына келіп, өрт басталғаннан бастап 40 минуттан кейін жұмысқа кірісті. Жарылыс үстінде түтін бағанасы тұрған әскери бөлімнің тарапынан естілді, жарылыстардан діріл сезілді. Тұрғындар жарылыс пен өрттің эпицентрінен мүмкіндігінше қашуға тырысты.

Алғашқы сағаттарда төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб құрылып, жұмыс істей бастады. Жедел қызметтердің барлық күштері адамдарды қауіпсіз қашықтыққа жедел эвакуациялау үшін жіберілді.

Тұрғындар негізінен АМО дәрігерлеріне неврологиялық көріністермен, қан қысымының жоғарылауымен және стресстік жағдайға әртүрлі реакциялармен жүгінді.

Орталық аппараттың психологы сағат 22.30-дан бастап дағдарыс жағдайында басқару орталығында ашылған "Қауырт желі" телефонында кезекшілікке кірісті.

ТЖ жою штабы құрамында АМО Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы, азаматтық қорғау және денсаулық сақтау органдарының Апаттар медицинасы медициналық бригадаларының іс-қимылын үйлестірді.

АМО трассалық медициналық-құтқару пункттері де медициналық көмек көрсетуге жұмылдырылды. Мәселен, "Төле би" трассалық бекеті мен Жымбыл облысы филиалының бригадалары Тараз және Шу қалаларындағы теміржол пойыздарының қауіпсіздігі мақсатында тоқтаған жолаушыларға қызмет көрсетті.

Келесі тәулік таңертең ТЖ аймағына АМО Алматы қаласы бойынша филиалының Апаттар медицинасы жасағы және Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалдарының бригадалары келді.

Тұрғындарды эвакуациялау бойынша үйлесімді жұмыстың арқасында кент бос қалды, алайда дәрігерлер жұмыссыз қалған жоқ: эвакуациялау пункттерінде халыққа, ТЖ салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына, сондай-ақ ТЖ жоюға қатысушыларға, азаматтық қорғау, Ішкі істер органдарының, әскери бөлімдердің қызметкерлеріне шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді жүзеге асырды. Құтқарушылар кішкентай жарақаттармен, тыныс алу белгілерімен, созылмалы аурулардың өршуімен, шамадан тыс жұмыс істеуге байланысты көмек сұрады.

Эвакуацияланған ауылдардың тұрғындары үйлеріне орала бастады, бірақ қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша филиалдың медицина қызметкерлері бригадасы ТЖ орнында жұмысын жалғастыруда.

2021 жылғы 26-30 тамыз аралығында АМО құралымдарының күшімен 421 адамға, оның ішінде 102 балаға медициналық көмек көрсетілді.

АМО психологтары зардап шеккен 52 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетті.

Апаттар медицинасы орталығынан төтенше жағдайдың медициналық-санитариялық салдарын жоюға барлығы 33 адам: 31 медицина қызметкері, 2 психолог, 9 бірлік техника жұмылдырылды.

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ