
31 тамызда қызмет өткеруден бос уақытта сағат 21.41 шамасында Шемонаиха қаласының 28-ӨСБ бастығы Дидар Әшімхан көрші көшеде орналасқан үйдің жанып жатқанын көріп, "101" қызметіне болған жағдай туралы бірден хабарлады және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көмекке келді. Дидар Әшімхан «ВАЗ» автокөлігі тұрғанын байкады, тұрғын үй аумағында тұрған шаруашылық құрылысы ашық жалынмен жанып жатқанын көрді. Осы уақытта өрт тұрғын үйдің шатырына тарала бастады. Кәсіби дағдыларының арқасында 28-ӨСБ бөлім бастығы автокөлік иесімен бірге автокөлікті қауіпсіз қашықтыққа апарды, одан әрі Дидар қолда бар құралдармен өртті сөндіре бастады. Өзінің жедел және сауатты іс-әрекеттерінің арқасында ол өрттің таралуын тоқтатты. Өрт орнына келген Шемонаиха қ. 28-ӨСБ жеке құрамы 38 шаршы метр алаңда отты толығымен сөндірді. Өрттің себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.
ШҚО ТЖД өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефонына хабарлау қажет екенін ескертеді. Тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, түтін басқан үй-жайдан кетуге тырысыңыз.
Өртті болдырмау үшін:
- Ашық отпен жұмыс жасаған, тұрғын үй-жайда темекі шегу кезінде абай болыңыз.
- Мүмкіндігінше, тұрғын үйлер мен пәтерлерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының болғаны дұрыс.
- Төсекке жатқанда немесе үйден шыққанда электр құрылғыларының өшірілгенін тексеріңіз.
- Электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз. Ақаулықтарды уақтылы жөндеңіз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі