«Тұлпар» сауда үйінде болған өрт туралы қосымша ақпарат

«Тұлпар» сауда үйінде болған өрт туралы қосымша ақпарат

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен бүгін Тұлпар СҮ орын алған өрт сағат 12-04 минутта ауыздықталып, сағат 13.31 минутта толығымен сөндірілді.  6000 шаршы метр алдын ала алаңда қызметтік үй-жайлар, сауда бутиктері, жұмсақ жиһаз, кілемдер өртенді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 1 қыркүйек күні сағат 07: 36 минутта елордалық "101" өрт сөндіру қызметінің пультіне "Тұлпар"сауда үйінде орын алған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру есеп топтары жіберілді, өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамынан 19 техника мен 71 адам жұмылдырылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі