Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков "Конституция күнін" мерекелеу қарсаңында "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Сауда және шағын бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Ирина Тюгинамен кездесті.
Кездесу барысында ТЖ Вице-министрі Ирина Тюгинаға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы ерекшелігі үшін" медалін табыс етті.
Марат Күлдіков өз сөзінде "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан нормаларды шығару қызметінде бірлескен жұмыс пен қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығы артып, соның арқасында төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы азаматтық қорғау жүйесі жетілдіріліп отырғандығын атап өтті.