ТЖ Вице-министрі М. Күлдіков онлайн-қабылдау өткізді

ТЖ Вице-министрі М. Күлдіков онлайн-қабылдау өткізді

Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков онлайн-қабылдау өткізді.

Онлайн-қабылдау барысында азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау туралы.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек ауданында, Трекина ауылында өрт болды. Ауыл тұрғындарын мұндай ауқымды өрттердің басқа аймақтарда да қайталануы мүмкін екендігі деп алаңдатады. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін қандай күштер мен құралдар қарастырылғандығы туралы сөз етілді.

Сондай-ақ, онлайн-қабылдау кезінде Алматы қаласының "Курортное" бау-бақша серіктестігінің "Grenn Hill" тұрғын қалашығының тұрғындары аумақтың көшкін қаупіне қатысты мәселелері барын атап өтті. Бұл мәселені жою үшін қандай шаралар қабылданғаны жөнінде айтылды.

Қабылдау соңында вице-министр Министрліктің жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар беріп, барлық азаматтардың өтініштері жауапсыз қалмайтынын және ТЖМ басшылығының тұрақты бақылауында болатынын ескертті.

 

ТЖМ Баспасөз қызметі