
Азаматтық қорғау органдарының ардагері отставкадағы полковник Федоренко Александр Анатольевичті 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Александр Анатольевич өмірінің көп бөлігін азаматтық қорғау жүйесіне арнады. Ол Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсантынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің директорына дейінгі еңбек жолын өтті.
Қызмет барысында А.А.Федоренко өзін кәсіби дайындығы жоғары деңгейдегі маман ретінде көрсетті.
Үнемі қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі үлкен табандылықты ,
жұмысқа деген қабілеттілік пен адалдығын көрсете білді.
Ол бүгінде азаматтық қорғау органдарында басшылық лауазымдарда еңбек етіп жүрген барлық кәсіби мамандарды тәрбиелеп, үйретті.
Бүгін күні Александр Анатольевич Орталық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі болып табылады.
Министрдің кеңесшісі - Төтенше жағдайлар органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымының төрағасы, отставкадағы генерал-майор Искаков М. К., ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін, азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерін қазақстандық патриотизмді рухқа тәрбиелегені үшін және 60 жылдық мерейтойына байланысты А.А. Федоренкоға Ардагерлер ұйымы президиумының мүшелерінің қатысуымен, министр генерал-майор Ю. В. Ильиннің құттықтау хатын және “Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагері" төсбелгісін табыстады.
Мерейтой иесіне зор денсаулық, сарқылмас қуат және отбасылық бақыт тілейміз!
"Төтенше жағдайлар органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымы" Қоғамдық бірлестігі