Трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы көмек көрсетті

Трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы көмек көрсетті

Алматы облысында жеңіл автокөлік пен жолаушылар микроавтобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлік құралдарының соқтығысуынан 24 адам зардап шекті. Апат жексенбі күні кешке Алматы-Ташкент автожолының 128-ші шақырымында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оны жеңіл көлік жүргізушісі арандатқан. Ол, мүмкін, рульді басқара алмады және қарсы қозғалыс жолағына шығып, жолаушылар микроавтобусына соғылды. Оқиға орнына бірінші болып "Тарғап" трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы келді. Оларға көмекке Жамбыл ауданының жедел медициналық жәрдем станциясының бригадалары келді.

Келген кезде зардап шеккендерді триаж-сұрыптау жүргізілді. Медициналық сұрыптау нәтижелері бойынша медициналық бригадалар оқиға орнында клиникалық хаттамаға сәйкес зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті және тоғыз зардап шегушінің ауыр және орташа ауырлықтағы әртүрлі жарақаттарымен шұғыл түрде ТМҚП бригадасы одан әрі емдеу үшін Ұзынағаш кентіндегі орталық аудандық ауруханаға жеткізді. 15 зардап шеккендерге 3 жедел медициналық жәрдем бригадасы көмек көрсетті.

АМО Төтенше жағдайлар және ЖКО кезінде шұғыл көмек көрсету бойынша өз жұмысында ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелерімен ғана емес, денсаулық сақтау жүйесінің мекемелерімен де үнемі өзара іс-қимыл жасайды.

Жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары салдарын жоюға қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру және келісу өзара іс-қимылдың негізі болып табылады.

Осылайша ТМҚП бригадасының жедел жәрдем бригадаларымен үйлесімді өзара іс-қимылының, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекті дұрыс ұйымдастырудың арқасында алған жарақаттардан болатын өлім жағдайларын болдырмауға және ауруханаға дейінгі кезеңде, тіпті ең ауыр науқастарға медициналық көмектің жеткілікті көлемін көрсете отырып, барлық зардап шеккендерді стационарға уақтылы эвакуациялауға мүмкіндік туды.

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ