Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Титов шыңынан көптеген ауыр жарақаттары бар жас жігітті тасымалдады

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Титов шыңынан көптеген ауыр жарақаттары бар жас жігітті тасымалдады

22 тамыз күні Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне,  Титов шыңына көтерілген  кезде, шамамен 25 метр биіктіктен ер адам құлады деген ақпарат келіп түсті. Абырой болғанда зардап шегуші туысына, көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама жіберіп үлгерген.

         8 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде кинологиялық есеп оқиға орнына шықты.

         РЖҚЖ құтқарушылары жедел автокөлікпен Бастион тауына дейін көтеріліп, әрі қарай жолды жаяу жалғастырды. Уақытты үнемдеу мақсатында "Қазавиақұтқару" АҚ-дан көмек сұрау туралы шешім қабылданды, себебі жаяу жол шамамен 4 сағатты алады.

         Зардап шегушінің бағытына қарай құтқару бекетіндегі кезекшілік еткен және жақын жерде орналасқан Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары да жолға  шығады.

         Ұшып аралау нәтиже бермеді, РЖҚЖ қызметкерлері биікке көтерілуді жалғастырды. Іздестіру-құтқару жұмыстары тәуліктің қараңғы мезгілі мен күрделі тау бедерімен күрделене түсті.

         Зардап шегушіні тапқан кезде оның жанында Құтқару қызметінің қызметкерлері болды. Ер адамның аяғы, қолы және басы жарақаттанып, тоңып қалған.

         Туристті жылы заттармен жауып, РЖҚЖ құтқарушылары Құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп тасымалдауға кірісті. Жедел топтың  бағытына қарай, жол талғамайтын көлікпен ер адамның танысы шығып, Тұйықсу ауданында зардап шеккен адамды Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне дейін автокөлікпен жеткізді.

        

"ҚР ТЖМ РЖҚЖ"ММ баспасөз қызметі