Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамадағы жаңа нормаларды түсіндіру туралы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамадағы жаңа нормаларды түсіндіру туралы

2021 жылғы 19 тамызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамадағы жаңа нормаларды түсіндіру туралы» брифинг өтті. Брифингте Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мақажанов Нығмеджан сөз сөйледі.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу туралы айта отырып, Мемлекет басшысы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ағымдағы жылғы 16 сәуірде күшіне енген Қазақстан Республикасының Заңына 2021 жылдың 1 сәуірінде қол қойғандығын атап өткім келеді»,- деді өз сөзінде Комитет төрағасы.

Жалпы қабылданған новеллалар заңнама нормаларын жетілдіруге, қауіпті объектілерде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін реттеуге бағытталған.

Бүгінгі таңда заң талаптары 2500-ге жуық кәсіпорынды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасуға немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға міндеттейді.

Әзірленген НҚА жобалары көптеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайды, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар, осыған байланысты оларды әзірлеу процесінде құқықтық қатынастар субъектілерімен реттеу объектілерінің тағайындалуы және олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі себебі бойынша бірнеше рет талқылау жүргізілді.

Қадағалау қызметі шеңберінде алты айдың қорытындысы бойынша ерекше тәртіп бойынша 530 тексеру және жоспардан тыс 371 тексеру жүргізілді, оның барысында 18640 объект тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша 17588 бұзушылық анықталды, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша тексеру қорытындылары бойынша – 16535, жоспардан тыс - 1053.

Тексеру нәтижелері бойынша 100 млн.теңгеден астам сомаға 747 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін инспекторлар 280объектіні және 4 субъектіні тоқтатты.

Сондай-ақ, есепті кезеңде қауіпті өндірістік объектілерде 14 авария және 187 оқыс оқиға тіркелді. Қадағалау салалары мен түрлері бойынша авариялардың басым бөлігі газ шаруашылығы

Мақажанов Нығмеджан брифингті қорытындылай келе, аталған өзгерістерді қабылдау және осы бағытта белгіленген шараларды іске асыру қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты азайтуды және біздің республика экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі