Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баспасөз конференциясын өткізді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баспасөз конференциясын өткізді

      Орталық коммуникациялар қызметінде су айдындарында халықтың қауіпсіздігі мен алдын алу және жылыту маусымына дайындық мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әшірбайұлы Әкімбаев және Жамбыл облысы ТЖД ескерту басқармасы бастығының міндетін атқарушы Гүлнар Бердешқызы Жамантаева қатысты.

    "2020-2021 ж. ж. жылыту маусымы басталғаннан бері (2020 ж.1 қыркүйектен 2021 ж. 15 сәуірге дейін) жеке тұрғын үй секторында 333 өрт тіркеліп, 14 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Сонымен қатар, жылыту маусымында улы газбен уланудан (өрт туындамай) 3 адам қаза тапты, уланумен 34 адам ауруханаға жатқызылды. Ағымдағы жылдың 7 айында облыс аумағында 340 өрт болды, онда 14 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды. Материалдық шығын 17 млн.331 мың теңгені құрады. Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында және ашық аумақтарда орын алды. Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (66 өрт немесе 37%), халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы (81 өрт немесе 38 %) және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады" - деп атап өтті өз сөзінде Мақсат Әшірбайұлы."Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Әсіресе мұндай жағдай қалада жиі орын алады. Табиғатынан айналасына деген қызығушылығына байланысты балалар ашық терезе көрсе осалдық танытады. 2021 жылдың басынан бастап балалардың терезеден құлауы бойынша 10 оқиға орын алып, онда 2 жастан 15 жас аралығындағы  балалар зардап шекті. Өкінішке орай 1 жасөспірім қаза болды.

Сондай-ақ шомылу маусымының өткен кезеңінде Жамбыл облысының су айдындарында суда адамдардың қаза болуының 4 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 бала. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде суда 11 адам құрбан болды, оның ішінде 4 балалар. Сондай-ақ 6 адам құтқарылды, оның ішінде 4 балалар. Тараз қаласында – 1 ересек, 4 бала, Сарысу ауданында-1 ересек", - деп сөзін түйіндеді Гүлнар Бердешқызы.

        Спикерлер кез келген күтпеген жағдайлардағы жүріс-тұрыс қағидаларын білу және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салып, өз телефондарына, сондай-ақ өз отбасы мүшелерінің телефондарына "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын орнатуды ұсынды.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД бас сарапшысы

Сәуле Мұнатаева