
Орын алған төтенше жағдайларды жыл сайынғы талдау және тұрақты мониторинг көрсеткендей, барлық өрттердің басым бөлігі жылыту маусымына келеді.
Осыған байланысты, тұрғын үй секторында өрттердің туындауына жол бермеу және олардың салдарын барынша азайту мақсатында ағымдағы жылғы 14 қыркүйектен бастап 13 қазанға дейін Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Айлық шеңберінде Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту аспаптарының өрт қауіпсіздігі сәйкестігі бойынша жеке консультациялар форматында халықпен ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізеді, көрнекі үгіт материалдарын таратады, теледидар бойынша және LED - экрандарға шығару арқылы оқыту және ескерту бейнероликтерін трансляциялайды, БАҚ арқылы өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді жаппай насихаттау және т. б.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің салдары мүліктің бүлінуі немесе жоғалуы ғана емес, сонымен қатар жарақат пен адам өлімі екенін еске салады. Алайда барлық қабылданып жатқан шараларға және жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, тұрғын үй секторындағы өрттермен жағдай айтарлықтай күрделі болып қалуда. Өткен жылдардағы жылу беру маусымының салыстырмалы талдауы тұрғын үй секторындағы өрттердің 17%-ға артқанын, қаза болғандар санының 23%-ға артқанын көрсетті, өрт туындамай улы газбен уланудың 9 жағдайы тіркелді.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздің тарапыңыздан өрт қауіпсіздігін сақтау туралы мәселеге саналы көзқарассыз ТЖД қызметкерлерімен жүргізілген барлық жұмыстар нақты нәтиже бермейді. Осыған байланысты, Сізден осы мәселенің маңыздылығын назарға алуды және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсынымдарын егжей-тегжейлі ұстануды сұраймыз. Өз балаларыңызбен және туыстарыңызбен тұрақты жұмыс жүргізіңіз, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізбеңіз, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері туралы азаматтық қорғау органдарына хабарлаңыз. Өрт қауіпсіздігі ортақ іс.
Қостанай облысының
ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы